Vidos24.ru - Смотрите видео онлайн, бесплатно
Добро пожаловать
Вход / Добавить видео

Шымкент қалалық №11 спорт мектебі 2018 жылдың үздік спортшыларын марапаттады

Спасибо! Поделитесь с друзьями!

URL

Вам не понравилось видео. Спасибо за то что поделились своим мнением!

Sorry, only registred users can create playlists.
URL


Добавлено by В Спортивные события
54 Просмотры

Описание

2018 жылда шымкенттік спортшылар үлкен жетістіктерге жетті. Азия ойындарында және түрлі халықаралық додаларда топ жарып, жанкүйерлеріне қуаныш сыйлады. Сонымен қатар шығыс жекпе – жек түрлеріне кіретін спортта да спортышыларымыз үлкен жетістіктерге жетті. 2018 жылдың үздік спортшыларын марапаттау үшін Шымкент қалалық №11 спорт мектебінде дәстүрге айналған жаңа жылдық шырша өтті.
СНХ
№11 спорт мектебінің директоры Данияр Исабаев 2018 жылда жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларға алғысын білдірді. Демек, Самбодан Әлем чемпионы Мәди Нәбиев жылдың үздік ардагер спортшысы номинациясының иегері атанды. Ал, Жиу-житсудан Азия және Әлем чемпионы Қалдар Қасымбаев жылдың үздік жаттықтырушысы номинациясының иегері болды.
Каратэден Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін жеңімпазы, Әлем чемпионы Мәди Катешовқа спорттың дамуына үлес қосқаны үшін жылдың спорт – жаттықтырушы номинациясында үздік деп табылды.
2018 жылы каратэден Иорданияның Амман қаласында әйелдер арасында өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері Гүлмира Үсенова жылдың үздік спортшысы атағына ие болды. Дзюдодан 2018 жылы әйелдер арасында Қазақстан чемпионы және Азия кубогының жеңімпазы Әмина Расул жылдың үздік спортшысы номинациясының иегері атанды. Сонымен қатар кикбокстан 2018 жылы Анапа қаласында жасөспірімдер арасында өткен Әлем кубогының жеңімпазы Дінмұхамед Халиллаев кикбокстан үздік спортшы атағына ие болды. Сондай ақ, каратэнің кекушинкай түрінен Әлем чемпионатының жеңімпазы Ибрагим Гурбанов та жылдың үздік спортшысы деп табылды.
Жылдың үздіктерін марапаттау рәсімінен соң бүлдіршіндерге шырша мейрамы өтті. Онда жас балалар үлкен шыршаның алдында Аяз Ата мен Ақшақар мен ән айтып, би биледі.

Написать комментарий

Выполните вход или зарегистрируйтесь для отправки комментария.

Комментарии

Комментариев нет. Будьте первым кто оставит комментарий.
РЕКЛАМА
RSS
Яндекс.Метрика